«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамансы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Тіркелімдер және жіктелімдер статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Тіркелімдер және жіктелімдер статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.