Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезекті сессияның төрайымы | Е. Цвентух |
| Мәслихат хатшысы | Н. Шалдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Омарова
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Мұхамбетжанова
«Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Гайдаренко
Арқалық қаласы мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
ережесі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуына;