«Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 718 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 386 бірлескен бұйрығы

Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 718 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 386 бірлескен бұйрығы

 

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 министрі

 

 

С. Жакупова

 

Қазақстан Республикасы

 ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрі 2024 жылғы

25 қыркүйектегі № 386 мен

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі 2024

жылғы 24 қыркүйектегі

№ 718 бірлескен бұйрығымен

бекітілген

 

 

Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы

үлгілік ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.