«Уәкілетті ограндармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есепті және оны құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 қазандағы № 109 бұйрығы
(2015.21.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2014 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің қабылдануына байланысты уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде бірыңғай есепті қалыптастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есебі;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есебін құрастыру бойынша Нұсқаулық.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылдың 24 қыркүйегіндегі № 113 «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есебін және оны құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8047 санымен тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 12 маусымындағы № 58 «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшысын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9599 санымен тіркелген, 2014 жылы 30 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасының Ақпаратық - құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
3) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
4) «Әділет» ақпараттық-құқық жүйесінде ресми жариялауға;
5) мәлімет және қызметте пайдалану үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2015 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.