«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелер жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 254 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы (С.Д. Шәріпханов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
2021 жылғы 1 маусымдағы
№ 254 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№ 17 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы»
мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер