Цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026.02.04. № 157-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026.02.04. № 157-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса ұсынылған Цифрлық жүйеде тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 2) тармақшасын, 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 123-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер