Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.