(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ Т...

Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тармақтың қолданысы 2021 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 3-тармақтың редакциясында қолданылды

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3. Осы қаулының кіріспесі мен Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының кіріспесі және Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

«1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 31 мамырдағы

№ 358 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.