«Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 455 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.