«Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 770 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 770 бұйрығы

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-2-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 10 тамыздағы

№ 770 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу

қағидалары мен шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары (бұдан әрі - Қағида) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-2-бабына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

аумақтық әділет органы - астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әділет бөлімшелері;

жеке сот орындаушысын аттестаттау - Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білу деңгейін және оны практикада қолдану дағдыларын бағалау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.