Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 10 бұйрығы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 10 бұйрығымен бекітілген
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары,
нысандары мен түрлері
1-тарау. Жалпы ережелер