Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 643 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі:
инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 12 ай;
айналым қаражатын толықтыру және бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай.»;
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген 4-бөлімде:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылған және (немесе) кредиттің сомасы 60 миллион теңгеден аспайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркелген кезден бастап алты айдан аз уақыт өткен;»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.