«Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 6-қосымша) (2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрінің м.а.

2020 жылғы 22 мамырдағы

№ 117 бұйрығығына 6-қосымша

 

 

«Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру»

мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.14.02. № 51 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру туралы өтініш береді.

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

ЖҚПБП-ға өтініш берген кезде жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензияға сұрау салынатын учаске(лер) аумақтарын беру мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады. Егер тексеру нәтижелері теріс болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бере алмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.