«Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығы (2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығы

(2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.