«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына 3-қосымша) (2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрінің м.а.

2020 жылғы 22 мамырдағы

№ 117 бұйрығығына 3-қосымша

 

 

«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету

қағидалары

(2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.14.02. № 51 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.