«Кедендік одақ шеңберінде геологиялы сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 7-қосымша)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрінің м.а.

2020 жылғы 22 мамырдағы

№ 117 бұйрығығына 7-қосымша

 

 

«Кедендік одақ шеңберінде геологиялы сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) және/немесе «мinerals.gov.kz» жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы (бұдан әрі - платформа) арқылы кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беруге арналған өтініш береді.

Портал және/немесе платформа арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.