Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 196 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 135 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» құқықтық-ақпарат жүйесіне ресми жариялауға жіберу қамтамасыз етілсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрі | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Мемлекеттік кіріс
департаментінің
басшысына (кеденнің)
____________________
Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн
салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды
мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
1. Жалпы ақпарат
Алушы/импорттаушы____________________________________________________________________________________________________