Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 Қаулысы
(2023.16.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Абай облысының әкімдігінің 2023.04.07. № 120 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 1-абзацының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Су ресурстары комитеті
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысы
Р. Иманбет