«Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 Қаулысы (күші жойылды)

Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 879 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 25 маусымдағы

№ 374 қаулысымен

бекітілген

 

 

Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидалары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды (бұдан әрі - тауар) әкелу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.