(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫ ТІРКЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН...

Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегi № 677 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 13-1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Халықты тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықты тіркеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрінің

міндетін атқарушы

2024 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 677 бұйрығына

қосымша

 

 

Халықты тіркеу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Халықты тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында халықты тіркеу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.