«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығы (күші жойылды)

Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығы

 

ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» № 2-нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7К-нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-6-қосымшаларына сәйкес ЭАЕҚ 1, ЭАЕҚ 2, ЭАЕҚ 3 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі - ЭАЕҚ);

5) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулық.

2. «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9853 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.