«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығы (2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығы

(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2024.11.03. № 35 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Бас Прокурорының 2022.16.09. № 185 бұйрығымен (2022 ж. 23 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.23.06. № 81 бұйрығымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» № 2 нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7 нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7-К нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7-ЖС нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған азаматтық іске (арыз) 1-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған азаматтық іске 2-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сот қараған азаматтық іске 3-электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.