ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1315 Жарлығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Президентінің 2023.23.05. № 227 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2026.15.06. № 1315 Жарлығымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы;
3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);
4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 13-і.
№ 563
ҚР Президентінің 2022.03.10. № 1029 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.23.05. № 227 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер