ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
(2025.17.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023.23.05. № 227 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы;
3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);
4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.