«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығы (күші жойылды)

 «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 295 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14054 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.