«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 295 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығымен күші жойылды
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтіннің кіріспесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.»;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;