(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҢШЫЛЫҚ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН Ш...

Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығы

(2022.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.16.09. № 222 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналардың:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде);

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған (көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын немесе шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде) шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.

2. «Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10229 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.