«Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 222 бұйрығы

«Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 222 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналардың:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде);

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған (көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын немесе шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде) шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.