Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.29.10. № 291 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.16.09. № 222 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.29.10. № 291 бұйрығымен (2025 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10229 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;