2026 жылғы 15 ақпаннан бастап 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алғанға дейінгі кезеңде аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 26-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2026 жылғы 15 ақпаннан бастап 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алғанға дейінгі кезеңде аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті бекітілсін.
2. Тұяқты жануарларды ғылыми мақсатта алып қою 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нысанбаев |
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 26-Ө бұйрығына қосымша
2026 жылғы 15 ақпаннан бастап 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алғанға дейінгі
кезеңде аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою
лимиті