«Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 11 Қаулысы

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 11 Қаулысы

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысының әкімдігінің «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36-18 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 жолдарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы әкімі

Н. Уранхаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және

құрылыс министрлігі Геология комитетінің

«Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан

өңіраралық геология департаментінің басшысы

Е. Еркешев

2023 жылғы «__»_________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Экология және

табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық

реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы

бойынша экология департаментінің басшысы

С. Сарбасов

2023 жылғы «__»___________

 

Абай облысы әкімдігі

2024 жылғы 16 қаңтардағы

№ 11 қаулысына

қосымша

 

Абай облысы әкімдігінің

2023 жылғы 15 наурыздағы

№ 53 қаулысымен

бекітілген

 

 

Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар

 

Учаскенің атауы

Ауданның атауы

Нүктенің №

Учаскенің географиялық координаттары

Учаскенің ауданы (гектар)

1' де 1' блоктың атауы

Шығыс бойлық

Солтүстік ендік

14.

№ 2 учаскесі

Абай

1

79

9

44

48

49

3

4,426

-

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.