«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 23-VI Заңы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2017 жылғы 30 қарашадағы № 111-VІ Заңымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2017 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;

2018 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;

2019 жыл - 2 880 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат; № 16-17, 104-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті

 

Н.НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 29-ы.

                      № 23-VI