«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 111-VІ Заңы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2018 жылғы 30 қарашадағы № 196-VІ Заңымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2018 жыл - 2 600 000 000 мың теңге;

2019 жыл - 2 300 000 000 мың теңге;

2020 жыл - 2 000 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

       Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 30-ы.

                  № 111-VІ