(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ПАЛАТАЛА...

Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары бекітілсін.

2. Тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі 2022 жылғы

31 тамыздағы № 733 бұйрықпен

 бекітілген

 

 

Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары

 ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес әзірленді және заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібін айқындайды.

2. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын областырдың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың заң консультанттар палаталары ұйымдастырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.