(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІСІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІН ...

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығы

(2021.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 637 тіркелген, «Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

2007 жылғы 14 қыркүйек

 

ҚР Әділет министрінің 2020.15.06. № 103 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2007 жылғы 24 тамыздағы

№ 241 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кондоминиум объектісі - жер учаскесінен (жер учаскелерінің), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум нысанындағы жылжымайтын мүлікке меншік белгіленетін мүліктік кешен.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.