«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 103 бұйрығы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2007 жылы жарияланған, № 10) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 103 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушысының
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 241 бұйрығымен
бекітілген