«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 212/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:
2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Аппараттық-бағдарламалық кешендер:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені;