Абай облысы бойынша 2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 62 Қаулысы
(2025.27.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» 80-тармағына және 5-тармағының 4) тармақшасына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген), Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы әкімдіктің қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы әкімдіктің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
| Б. Уәли |
Абай облысы әкімдігінің 2025.13.10. № 178 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2025 ж. 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 62 қаулысына
қосымша
Субсидияланатын пестицидтердің биоагенттердің (энтомофагтардың) түрлерінің тізбесі және пестицидтердің
биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған
субсидиялар нормалары