«Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 144 бұйрығы (күші жойылды)

Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 144 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 283 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 44-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде оны ресми жариялануға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

29 наурыздағы

№ 144 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының

бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.