«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығы
(2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.29.12. № 508-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.15.11. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.12.07. № 284-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022.23.12. № 499-НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.29.12. № 508-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті: