(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА КӘМ...

Осы редакция 2018 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 18 маусымдағы

№ 229 бұйрығына 

6-қосымша

 


Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды

 ұстау қағидалары

(2014.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)


1. Жалпы ережелер

 

1. Қағида кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, олардың білім беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласындағы құзыретін айқындайды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі - Орталық) кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарына енгізілетін мемлекеттік ұйым болып табылады.

2. Орталық мемелекеттік органдарымен, сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдармен, өзара іс қимылда болады.

3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, осы Қағидаға және орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014.13.03. № 75 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

5. Орталықтың негізгі міндеттері:

1) өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.