«Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 130 бұйрығы

«Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 130 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидада келесі негізгі түсініктемелер, анықтамалар және қысқартулар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - Интернет желісінде www.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, осы тізілім деректеріне қолжеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін интернет-ресурс;

2) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына астықты сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;

3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - уақыттың нақты сәтіне астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ олардың өтінішіне немесе олар бойынша құқықты іске асыруға тіркелген шектеулердің сипаттамасы және ақпараттық жүйеде көрсетілген басқа да мәліметтер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.