(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:

экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын;

бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалауды;

ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарының жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын;

 облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

мыналарды:

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері ескеріле отырып әзірленеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдері аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге бөліне отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша болжамды көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.

3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

5 - 7-1. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 61-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік

1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік:

1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

5) түсіндірме жазбаны қамтиды.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

2-тармақтың екінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

3. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің бағалануы мен болжамының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер:

операциялық қызметтің нәтижесі;

операциялық қызметтің нәтижесі (мұнайға қатысты емес);

таза кредиттеу (қарыз алу);

бюджеттің жалпы сальдосы;

бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес);

ақшаның профициті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профицнті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес);

борыш;

таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады.

5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.

5-тармақтың екінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.

 

245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап жаңа редакцияда; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 62-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

62-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары және мемлекеттік органның меморандумы

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік органның даму жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттiк органның даму жоспарында мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары айқындалады.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк органның даму жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi.

Мемлекеттік органның даму жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның даму жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бекітуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк органдардың даму жоспарлары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:

1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

Республикалық бюджетті ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктіріп, бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын азайтуды көздейтін нақтылау кезінде мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларының мәндері өзгертілуге жатпайды.

Осы Кодексте белгіленген, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.

Осы Кодексте белгіленген, бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.

Меморандум Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Елді аумақтық дамыту жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізілуін (орындалуын) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.

Түйінді нысаналы индикаторлар азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін негізгі индикаторларды білдіреді.

Мемлекеттік органның меморандумына - бірінші басшы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.

Меморандум республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының меморандумдарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меморандумын әзірлеу тәртібінің ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 63-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63-бап. Операциялық жоспар

Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижесінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспарына сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және оның қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның даму жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.

 

 

12-тарау. Бюджетті әзірлеу

 

245-бапқа сәйкес 64-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді

1-1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативін сақтай отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескеріп, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде қабылданады.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының жергілікті бюджетке түсімдері болжамды түрде төмендеген кезде қаражат бағыттау нормативі болжанатын төмендеуге қарай түзетіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 65-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.

2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Бюджет түсімдерін болжау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің негізінде жүзеге асырылады.

 

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 65-1-баппен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-1-бап өзгертілді; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 65-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері

1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларының, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.