(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелер немесе мемлекеттік ислам бағалы қағаздары түрiнде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болатын, оны ұстаушының қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық мiндеттеме болып табылады.

Жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік ислам бағалы қағазы болып табылады.

Мемлекеттік ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленген исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шығарылады.

Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады.

Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Несие капиталын сыртқы нарықта орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе олардың шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

 

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу

Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемімен шектеледі.

 

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

 

44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

 

209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы тиісті жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

 

210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышының лимитін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыруға қажетті соманы ескере отырып белгілейді.

3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 211-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету

Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өздері жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.

 

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 212-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

212-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

 

 

45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш

 

213-бап. Мемлекеттік кепілдік

1. Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Мемлекеттік емес қарыз сомасы толықтай немесе оның бір бөлігі мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілуі мүмкін.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкіметі ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.

 

214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

1. Мемлекеттік кепілдіктер республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін лимит шегінде беріледі.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Іске асыру мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобалар және (немесе) инвестициялық бағдарламалар бойынша бас келісімге қол қоя отырып, мемлекеттік кепілдікті транштармен (бөліп-бөліп) беруге жол беріледі.

Бас келісімді іске асыру үшін кепілдік шарты жасалады не жасалған кепілдік шартына мемлекеттік кепілдіктің бас келісімде айқындалған сомасы шегінде өзгерістер енгізіледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде берілмейді.

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылының шегінде ғана пайдаланыла алады.

 

215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

1. Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру осы Кодекстің 220-бабына сәйкес кепіл міндеттемелерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды және мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг пен акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.

4. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады.

 

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның тізбесіне енгізілген жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуын жүзеге асыруы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыру көзделетін жобаларды немесе Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруға ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.

Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұлдың, айыппұлдың) барлық сомаларын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.

Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;

4) салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзімдері басталған мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде берешектерінің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;

8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілуі;

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны қоспағанда, ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде отыз пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;

10) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) осы баптың 3) және 9) тармақшаларының талаптары мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қолданылмайды, олардың тізбесін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 217-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 217-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

217-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды iрiктеу

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іріктеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін қара

 

218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

1. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында беріледі.

Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепілдік шарты болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қарыз алушының векселін авальдандыруға құқылы.

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекеттік кепілдік болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарында мемлекеттік кепілдіктің заңдық күші болмайды.

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Әрбір инвестициялық жоба және (немесе) инвестициялық бағдарлама бойынша бас келісімге, кепілдік шартына, кепілдік міндеттемесіне, қарыз алушының әрбір міндеттемесі бойынша авальға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

3. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде:

1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;

2) қарыз алушының атауы және тұрған жері;

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;

4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер;

5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;

6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.

4. Кепілдік шартында, кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған кезде:

1) мемлекеттік кепілдік борышкердің қарыз бойынша барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік кепілдік қарыз шартының қолданылу мерзіміне берілді деп саналады.

5. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын бұза отырып, уәкілетті емес тұлға қарыз алушының міндеттемелерін авальдандырған кезде мемлекеттік кепілдік жарамсыз болып саналады.

 

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу

Берілетін мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға тиіс.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады.

Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға, талап қою мерзімі өтіп кетуіне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстің 191-196-баптары қолданылады.