Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі (2026.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;

2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

23) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды

26) осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісу комиссиясын құруға;

2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды

26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) қандай да бір кемсітусіз, жұмыскерлерге бірдей еңбек үшін бірдей ақы, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етуге;

2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) жұмыскер өзі жұмыскері болып табылатын ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында жүгінген кезде осы жұмыскермен оның ниеті болған кезде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;

2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

30) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІК

 

 

2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

 

4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ

 

24-бап. Еңбек шартының нысанасы

Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

 

2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-бап. Еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері

1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады.

2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мəн-жайлары бар адамның талап етуі бойынша жұмыс беруші еңбек шартын жасасудан бас тарту себебін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

 

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

1. Мынадай:

1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындауға;

2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;

3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;

204-бабының редакциясына сәйкес 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.07.04. № 277-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алу талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдар тізбесіне енгізілген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен;

5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын:

отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын жүктелген медициналық сақтандыру шарты жоқ шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен;

7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді.

2026.07.04. № 277-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер азаматтық-құқықтық шартта еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген ерекше белгілерінің ең болмағанда біреуі болса, жеке тұлғамен осындай шартты жасасуға жол берілмейді.

Еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген бір немесе бірнеше ерекше белгісін қамтитын шарт тараптардың оны нақты қалай атайтынына қарамастан, еңбек шарты деп танылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға алып келеді.

2. Мыналарға:

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер адам еңбек қызметін тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның мүддесін қозғайтын шешім қабылдаған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес аталған адаммен тікелей байланысты болса, мемлекеттік қызметті немесе мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты өзге де қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы осы адамды, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын ұйымды қоспағанда, осы коммерциялық ұйымға басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымға;

2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына;

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына;

мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға, сондай-ақ аталған ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуді немесе қаржыландыруды немесе іске асыруды немесе мониторингтеуді жүзеге асыруға байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарға;

мемлекеттік қызметтердің тікелей көрсетілуін көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы лауазымдарға;

2) тармақша Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құқықтық өзара байланысты болу үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады.

2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) тармақшаның қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының редакциясында қолданылады

2-1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;

3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;

4) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

 

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі

Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:

1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;

2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;

3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.

 

28-бап. Еңбек шартының мазмұны

1. Еңбек шартында:

1) тараптардың деректемелері:

жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;

жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);

жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

2021.01.07. № 61-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жұмыстың орындалатын орны болуға тиіс.

Қашықтан жұмыс істеу кезінде, қашықтан аралас жұмыс істеуді қоспағанда, жұмыстың орындалатын орны көрсетілмейді;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;

10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

12) тараптардың жауаптылығы;

13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында жұмыс орнын оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.

3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

 

29-бап. Бейбәсекелестік туралы шарт

1. Тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін, онда жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асырмау туралы жұмыскердің міндеттемесі көзделеді.

2. Бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары белгіленеді, сондай-ақ бейбәсекелестік туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы белгіленуі мүмкін.

3. Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын немесе орындайтын лауазымдардың және жұмыстардың тізбесі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

 

30-бап. Еңбек шартының мерзімі

1. Еңбек шарты:

1) белгіленбеген мерзімге;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.07. № 61-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.

Еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда, соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.

Егер соңғы жұмыс күні (ауысым) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні (ауысым) болып есептеледі.

Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты көп дегенде екі ретке ұзартылуы мүмкін.

Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

Осы тармақшаның бесінші жəне алтыншы бөліктерінің ережелері дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;

204-бабының редакциясына сәйкес (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.

3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.

2023.15.02. № 199-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында, тараптардың құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен жасасады.

Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, оның еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе əлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда, еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иелерінің немесе олар уəкілеттік берген тұлғалардың (органның) не заңды тұлғаның уəкілетті органының жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (тағайындау, лауазымға бекіту) туралы шешімінде ұзартудың өзге мерзімі белгіленбесе, көрсетілген шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге ұзартылады.

Егер соңғы жұмыс күні заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, басшының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның əлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні болып есептеледі.

Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабарламаға жұмыс беруші - заңды тұлға атынан заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.

 

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

2. Еңбек шарты:

1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

 

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар

1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік) қажет.

Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.07.04. № 277-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі немесе пана іздеген адамның куәлігі;