ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1, 7 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 19 063 995 118 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 14 279 036 264 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 351 800 230 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 248 374 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 4 431 910 250 мың теңге;
2) шығындар - 21 647 463 677 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 416 911 978 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 661 400 027 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 244 488 049 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 208 212 300 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 208 212 300 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -3 208 592 837 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 969 908 437 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,4 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 208 592 837 мың теңге.»;
«7-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 800 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;
«13-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:
1) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
2) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға;
3) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;
4) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға;
5) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға;
6) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
8) «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған орта білім беру объектілерін күтіп-ұстауға;
9) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін ауылдық толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға;
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;
11) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге;
12) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
13) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;
14) халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 2023 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақтарында көрсетілген 2023 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған резерві 249 167 878 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
4) 18-бап алып тасталсын;
5) 19, 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 1 248 374 мың теңге сомасындағы қаражат көрсетіле отырып, 15 348 008 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
«24-бап. 2023 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 25 208 800 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. 2023 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 3 812 799 020 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
6) көрсетілген Заңға 1, 5, 6 және 7-қосымшалар осы Заңға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 28 наурыз
№ 218-VІІ ҚРЗ
«2023 - 2025 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 218-VІІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2023 - 2025 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 163-VІІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2023 жылға арналған республикалық бюджет