«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 163-VII Заңы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы Заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 Қаулысын қараңыз

 

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 19 063 995 118 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 14 279 036 264 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 351 800 230 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 248 374 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 4 431 910 250 мың теңге;

2) шығындар - 21 647 463 677 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 416 911 978 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 661 400 027 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 244 488 049 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 208 212 300 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 208 212 300 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -3 208 592 837 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 969 908 437 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,4 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 208 592 837 мың теңге.

2-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 050 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 418 330 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2023 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:

1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.

5-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемдері 431 910 250 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Атырау облысынан - 155 010 785 мың теңге;

Алматы қаласынан - 207 229 679 мың теңге;

Астана қаласынан - 69 669 786 мың теңге.

6-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 800 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

8-бап. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi - 70 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 24 341 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 53 076 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш - 3 450 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 40 567 теңге болып белгiленсiн.

9-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.

10-бап. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8 пайыз болып белгiленсiн.

11-бап. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

12-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемдерi 4 995 054 752 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Абай облысына - 220 533 161 мың теңге;

Ақмола облысына - 333 439 507 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 279 949 307 мың теңге;

Алматы облысына - 185 755 708 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 233 326 679 мың теңге;

Жамбыл облысына - 405 274 939 мың теңге;

Жетісу облысына - 338 878 225 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 211 025 886 мың теңге;

Қарағанды облысына - 312 051 899 мың теңге;

Қызылорда облысына - 400 532 133 мың теңге;

Қостанай облысына - 306 403 347 мың теңге;

Маңғыстау облысына - 121 986 599 мың теңге;

Павлодар облысына - 121 594 196 мың теңге;

Солтүстiк Қазақстан облысына - 306 294 110 мың теңге;

Түркістан облысына - 976 724 624 мың теңге;

Ұлытау облысына - 49 718 239 мың теңге;

Шымкент қаласына - 191 566 193 мың теңге.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:

1) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

2) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға;

3) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;

4) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға;

5) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға;

6) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

8) «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған орта білім беру объектілерін күтіп-ұстауға;

9) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін ауылдық толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға;

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

11) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге;

12) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

13) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;

14) халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 2023 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақтарында көрсетілген 2023 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

14-бап. Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

15-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдем көрсетуге арналған кредиттер сомаларын бөлуі және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15-1-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған резерві 249 167 878 мың теңге сомасында бекітілсін.

18-бап. 2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 1 248 374 мың теңге сомасындағы қаражат көрсетіле отырып, 15 348 008 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

20-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 129 464 653 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 2023 жылы 1 000 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

22-бап. 2023 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 129 200 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

23-бап. 2023 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-бап. 2023 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 25 208 800 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-бап. 2023 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 3 812 799 020 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

26-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2023 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

27-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

28-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

           Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 1 желтоқсан

                 № 163-VII

 

2023.28.03. № 218-VІІ ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«2023 - 2025 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2022 жылғы 1 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 163-VII ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2023 жылға арналған республикалық бюджет