Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 33 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктегі, ислам банкіндегі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын
талаптар