«Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/177-VII шешiмi (күші жойылды)

«Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/177-VII шешiмi

 

Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 25/228-VIII шешiмiмен күші жойылды

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2022 жылғы 12 тамыздағы

№ 20/177-VII шешіміне қосымша

 

Шымкент қаласы

мәслихатының 2020 жылғы

14 қыркүйектегі №69/632-6с

шешіміне қосымша

 

 

Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.