Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 шешімі
(2020.17.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020.17.06. № 425/62 шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақсу қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 313/42 шешімімен
бекітілді